Қызылорда тұрғындары емханалардың қызметіне наразы (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708210941281_small.jpg

Қызылорда қаласындадағы емханалардың жұмысы тұрғындардың наразылығын тудыруда. Басы ауырып, балтыры сыздап келгендер дәрігерлерге кіре алмай, ұзын-сонар кезектен әбден мезі болғандарын айтуда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Тұрғындардың айтуынша, қаланың «КБИ» ықшам ауданында орналасқан емханада жүкті әйелдерге кеңес беретін, олардың денсаулығын қадағалайтын бір де-бір дәрігер жоқ көрінеді. Тіпті, тапсырылған анализ қорытындылары аумақтық емес, №6 емханадан шығарылатынға ұқсайды. Ал, ол анализдердің қорытындыларын алу үшін емделушілер сағаттап кезекте тұрады.

Ашынған тұрғындар қала басшылығынан «КБИ» ықшам ауданындағы емхананы жауып тастауды, №6 емхананың дәрігерлерінің қызметіне шалағайлықпен қарамауын талап етуде.

Медицина саласындағы мұндай олқылықты «Фейсбук» әлеуметтік желісінде Оңғар Саймосаев есімді азамат бейнежазба түрінде көпшілікке жариялады. Жазба иесі «Бұл мәселеге Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы не айтар екен?» деп сауалын да жолдаған.

Екі участоктың тұрғындарына қызмет көрсетіп отырған емхананың келушілері көп. Соның салдарынан кезекке тұрғандардың қарасы көбейіп кететін көрінеді. Таңсәріде кезекке тұрғандар, дәрігердің алдына түске таяу бір-ақ жететінін айтып шағымдануда.

 

 

Қатысты Мақалалар