Мәжіліс депутаттары Елбасыдан өздерін таратуды сұрады

/uploads/thumbnail/20170708210951922_small.jpg

ҚР Парламенті Мәжілісі Қазақстан халқына, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа өзін-өзі тарату туралы үндеу жолдады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс  сайлауын өткізу туралы үндеудің қазақ тіліндегі мәтінін депутат Нұрлан Әбіров, орыс тіліндегі мәтінді Қазақстан халықтық комунистік партиясы фракциясының депутаты В. Косарев жария етті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы қазақстандық БАҚ-тарға сілтеме жасап.

 «Біз - Мәжілістегі «Нұр Отан», «Ақ жол», Қазақстанның халықтық коммунистік партиясының парламенттік фракцияларының  өкілдері, еліміз үшін ең тағдырлы кезеңде тарихи мәні бар үндеу жариялау үшін жиналып отырмыз. Қазақстан халқына және Елбасына жолдайтын үндеуіміз Ұлт жоспары мен дағдарысқа қарсы шараларды қай партияның жүзеге асыруын айқындайтын халықтың сенім мандатын анықтап алуды көздейді», - деді үндеуді оқыған В. Косарев.

 

 

 

Қатысты Мақалалар