Қаңтардың соңына дейін Байқоңырдан тағы бір «Протон» ұшады

/uploads/thumbnail/20170708211027500_small.jpg

"Протон-М" зымыраны Байқоңырдан 2016 жылдың қаңтар айының соңында ұшырылады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Primeminister.kz – ке сілтеме жасап.

"Қазір "Байқоңыр" ғарыш айлағында Eutelsat 9B европалық телекоммуникациялық ғарыш аппаратын ұшыру бағдарламасы аясында "Бриз-М" үдеткіш блогымен "Протон-М" зымыранын дайындау жұмыстары жалғасып жатыр. Зымыранды ұшыру 2016 жылдың қаңтар айының соңына белгіленген және бұл "Байқоңырдағы" ғарыш жылын ашады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Eutelsat 9B ғарыш аппараты Францияның Eutelsat Communications спутниктік операторына тиесілі.

 

Қатысты Мақалалар