«Оңайға» шағым көбеюде

/uploads/thumbnail/20170708211050454_small.jpg

Алматының қоғамдық көліктеріне енгізілген «Оңай» электронды билеттендіру жүйесіне қала тұрғындарының шағымы көбеюде, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «Алматы электр көлігі» ЖШС-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілер электронды жүйе енгізілгелі бері тұрғындардан компанияның WhatsApp желісіндегі 8 705 174 5031 нөміріне жүзден астам шағым келіп түскен.

«Күні бүгінге дейін қаладағы жолаушылардан жүргізушілердің ақша жинайтыны туралы 119 шағым келіп түсті. Оның 14-і муниципалды автопарктің автобустары мен троллейбустарына қатысты, қалғаны басқа тасымалдаушы компаниялардың жұмысына қатысты», - делінген хабарламада.

Компания өкілдері аталған шағымдардың жерде қалмайтынын, әрбір айыпты тәртіптік кеңесте қаралып, жазаланатынын айтуда.

Айта кетер болсақ, Алматы қаласындағы қоғамдық көліктер 11 қаңтардан бастап  «Оңай» электронды билеттендіру жүйесіне көшті. Арнайы электронды карта алмаған жолаушылар әлі күнге жол ақысын автобус жүргізушілері мен кондукторларға төлеуде.

 

Қатысты Мақалалар