ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДЕГІ АШ ЕЛДЕР РЕЙТИНГІНДЕ 16-ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

/uploads/thumbnail/20170708211059376_small.jpg

Қазақстан Халықаралық сауда-саттық саясатын зерттеу институты (ХССЗИ) құрған әлем бойынша ең ашыққан елдер рейтингінде 16-орынды иеленді.  Global Hunger Index рейтингісіне сәйкес, Қазақстанда халықтың 2,5 пайызы күнделікті нанын таппай отыр.

104 мемлекет қатысқан рейтингте еліміздің индексі 8-ді құраған. 1995 жылы бұл индекс 15,4-ті, 2000 жылы 10,7-ні, 2005 жылы 12,3-ті құраған екен.

Аш халық саны ең көп ел — Орталықафрикалық республикасы. Онда тұрғындардың 47,7 пайызы аштыққа ұшыраған. Жағдайы төмен тұрғындар көбіне Чад, Замбия, Шығыс Тимор, Сьерра-Леоне, Гаити, Мадагаскар және Ауғанстанда кезігіп жатады.

Ресейде халықтың 0,7 пайызы аштықтан зардап шегуде. Белоруссияда — 0,8 пайыз, Украинада — 1,2 пайыз. Посткеңестік республикалар ішінде ең нашар көрсеткіш Тәжікстаннан байқалды (33,2 пайыз).

Болгарияда — 9 пайыз, Молдавияда — 12,2 пайыз, Өзбекстанда — 13,3 пайыз, Қырғызстанда — 8 пайыз, ал Түркіменстанда — 32 пайыз тұрғындар аштыққа душар болған. Солтүстік Кореяда халықтың 41 пайызы күнделікті нанын таппай отыр.

Ал Қазақстан әлемдегі аш елдер рейтингінде Өзбекстан мен Тәжікстанды басып озған.

Ресей аталған рейтингте 11-орынды, Қырғызстан 27-орын, Өзбекстан 43-орынды, Түркменстан 40-орынды иеленген. Бұл санаққа аштық индексі 5-тен төмен елдер қатыстырылмағанын естеріңізге саламыз.

 

Қатысты Мақалалар