Кәсіпкерлер палатасы зейнетақы қорына қол салмақ

/uploads/thumbnail/20170708211103017_small.jpg

«Атамекен» тұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекет басшысынан бизнесті дамыту үшін Біріңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан қаражат бөлуді сұрамақшы. Бұл туралы «Қамшы» порталы LS- ке сілтеме жасап хабарлайды.

Палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бизнесті БЗЖҚ-дан қаржыландыруға қазіргі таңда ешқандай тыйым жоқ екенін айтады.

«Біз осындай сұраныс жасайтын боламыз. Мемлекет басшысы мұндай қадамдарға әуес болмау керектігін айтқан болатын. Бірақ, бұл мүлдем ақша бермеу керек дегенді білдірмейді. Ондай тыйым жоқ. Біз БЗЖҚ-ны басқару жөніндегі кеңесті сендіре аламыз, қордан белгілі бір сомадағы қаражат бөлінеді деп ойлаймыз. Себебі, бізге банк секторын қолдау керек», - дейді ол.

Оның ойынша, бүгінде бизнес айналымдағы қаражатқа зәру. Қымбат құрылғылар сатып алу үшін оларға палата тиісті құралдар мен субсидия бөлуі керек екен.

Сондай-ақ, палата басшылығы қаңтар-ақпан айларында облыс әкімдерімен, кәсіпкерлермен кездесіп, отандық бизнесті дамыту мәселелерін пысықтауды жоспарлап отырған көрінеді.  

 

Қатысты Мақалалар