Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ашылған «Назарбаев Нұрсұлтанның нұрлы жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі өз жұмысын бастады. Талдықорғандағы журналистер үйінің мәжіліс залында арнайы баспасөз мәслихатын өткізген қоғамдық бірлестік мүшелері тілшілер қауымының қойған сұрақтарына жауап беріп, бірлестік жұмыс жоспарымен таныстырды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Қоғамдық бірлестіктің негізгі мақсаты - Елбасымыздың еңбектері мен кітаптарын «Назарбаев Нұрсұлтанның нұрлы жолы» айдарымен жинақтау, зерттеу, мазмұнын жастарға насихаттау, шет тілдеріне аудару, мектеп пен жоғары оқу орындарының оқыту бағдарламасына енгізу секілді аса ауқымды жұмыстарды қамтиды. Осыған байланысты қазақ мәдениеті хан мәдениетін жаңғыртуға, насихаттауға, дамытуға орай игі шаралар жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктің жұмысына Елбасы рұқсат беріп, Президент кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбеков қолдау көрсеткен.

«Назарбаев Нұрсұлтанның нұрлы жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ашылуына арналған баспасөз мәслихатында бірлестік перзиденті Әнуар Қабдолда, бірлестік хатшысы Асылан Қоңырханов сөз сөйлеп, жас ақын Жанатбек Айдаралы жырдан шашу шашты.
Ұлы дала ұраны
Назарбаев Нұрсұлтанның нұрлы жолы
Тектіліктен текті жол.
Ізгіліктен ізгі жол.
Ұлы шыңғыс мұраты,
Әлмисақтан ата жол.
Қасымханда қасқа жол.
Есімханда ескі жол.
Жеті жарғы әз Тәуке,
Қасиетті қазақ жол.
Бейбіт жолы бекем жол.
Тыныштығың тура жол.
Ұлы дала ұраны,
Нұрсұлтанда Нұрлы жол.
Сан ғасырлар сара жол.
Дархан мінез дара жол.
Бейбіт үшін шыр етіп,
Белін буған жаңа жол.
Шаң қаптырмай шапшаң жол.
Ел бірлігін тапқан жол.
Тыныштықты ту етіп,
Даудың жолын кескен жол.
Тау баласы көшкен жол.
Қала ұстап өскен жол.
Астанасын салдырып,
Төбесі көкке жеткен жол.
Еуразия төбе жол.
Азияға аға жол.
Дін мен ділді бір еткен,
Адамзатқа дана жол.
Ұлы дала ұраны
Нұрсұлтанда нұрлы жол!
Әнуар Қабдолда