Алматыда алаяқ әйел ұсталды

/uploads/thumbnail/20170708211118423_small.jpg

Алматы қаласында қаржылық алаяқтықпен айналысқан келіншек ұсталды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы қалалық ІІД-і баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қолға түскен 42 жастағы Ғаният Кисикова өзін лақап аты Хамитова Дана деп таныстырып келген.

Медеу аудандық ІІБ-не жергілікті тұрғын Ғаният Кисикованың үстінен арызданды. Оның айтуынша, азаматша Кисикова оған төмен пайызбен көп көлемде несие алып берем деп алдап, 500 мың теңгесін қағып алған. Одан кейін хабарласпай ізім-қайым жоғалған. Белгілі болғандай, тағы 35 адам Хамитова Дана (лақап ат) есімді келіншектің арбауына түсіп қалғандығын айтып жүгінген.

Аудандық ІІБ басшысы Ерлан Оралбековтің айтуынша, қазір күдікті қамауға алынған.

 

Қатысты Мақалалар