Алматыдағы жеке автобус парктерінің басшылығы жаңадан енгізілген электронды билеттендіру жүйесін сынға алып, баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Парк басшылары жаңа жүйе енгізілгелі бері шығынға батып келе жатқанын айтуда. Атап айтқанда, «Тұлпар-ЦДС» ЖШС-нің өзі үш күнде 5 миллион теңге шығын көрген. Бұған жолаушылардың картамен жол ақысын төлемей жүретіндігі себеп дейді. Олардың айтуынша, қазіргі 370 бақылаушы қаладағы барлық автобусты бақылауға жеткіліксіз көрінеді.
Сондай-ақ, жеңілдікпен жол жүретін жолаушылар үшін мемлекет жеке парктерге өтемақы да төлемей отырған көрінеді.