Есентай өзенінен 5 тонна лай шығарылды

/uploads/thumbnail/20170708211146377_small.jpg

Алматы әкімдігі көктемдегі қар суының кедергісіз өтуі үшін Есентай өзенін тазалау жұмыстарын жалғастыруда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қалалық коммуналды қызмет өкілдері Бостандық ауданын көріктендіру жұмыстарының аясында Есентай өзенінен 5 тонна лай массасын шығарды.

Негізгі жұмыстар өзеннің әл-Фараби көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі 1 шақырымдай аумағында жүрді. Мамандардың айтуынша, өзендегі 7 каскадтың 70-90%-ы құм-балдырмен көміліп қалған.

«Қазселденқорғау» кәсіпорнының жұмысшылары 1 экскаватор мен 1 жүк көлігі, «Алматы тазалық» кәсіпорны 6 жүк көлігі, Құтқару қызметі 1 автокран қоқыс шығарды.

Өзеннің басқа бөліктерін тазалау мамыр айына белгіленді.

Санитарлық тазалау жұмыстарына Бостандық ауданы коммуналдық қызметінің 7 бірлік техникасы мен 60 қызметкері жұмылдырылды.

«Алматыэкологострой» МКК Есентай өзенінде техникалық құрылғылардың ахуалын тексеріп жатыр.

Қазіргі таңда «109» қызметі аудандық әкімдіктермен біріге отырып, Үлкен және Кіші Алматы, Есентай, Абылғазы, Ақсай, Қарғалы, Тіксай өзен-көлдерінің бассейндерінде төтенше жағдайдың алдын алу жоспарын құрауда.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар