Белгісіз ер адам Теміртаудағы полиция бөлімшесінде жанжал шығарды. Оқиғаның видеосы ОСА бірлестігінің YouTube хостингіндегі арнасындажария болды.
Бұзақы, болжам бойынша, құқық қорғау органдарында бұрын қызмет еткен адам. Ол мас адамға ұқсайды. Оның "Мен қызмет еттім, алты жыл... Менің куәлігім қайда... Тоғжанов менің фамилиям... Мен осында дүниеге келгенмін". Осыдан кейін ер адам тәртіп сақшыларының бірін қорқытып, кейін тағы біреуіне қарай ұмтылады. Полицейлер бұзақының қолын қайырып, камераға әкетеді. Бұдан кейін не болғаны белгісіз.
Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер айтылады.
Пікір қалдыру