Бүгінгі қор нарығындағы таңғы саудада АҚШ доллары бірден 13 теңгеге қымбаттап, жаңа бағам 372,58 теңгені құрады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Күні кеше Иранға АҚШ тарапынан қойылған санкциялардың алынып тасталуына байланысты мұнай бағасының құлдырайтыны, соған сай мұнай экспорттаушы елдер өз валюталарын құнсыздандыратыны болжанған болатын. Сол болжам бекерге шықпады.
Бұған дейін АҚШ валютасы бағамының ең жоғарғы шегі 12 қаңтар күні 367,61 теңгені құраған еді. Ал, 15 қаңтар күні теңге біршама нығайып, долларға шаққандағы бағамы 359,3 теңгені құрады. Мұны көп елдер Мәжіліс сайлауын өткізу туралы бастаманың шығуымен байланыстырды.
Пікір қалдыру