Танымал қазақ әншісі Қайрат Нұртас та «Шоқыну мейрамында» суық суға бір сүңгіп шығудан бас тартпапты. Ол бұл рәсімді Қостанай қаласында орындаған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Kazpravda.kz- ке сілтеме жасап.
Танымал әншінің қасиетті суға сүңгіген сәті жазылған видео әлеуметтік желіде 18 мыңнан астам лайк жинаған. Видеода әншінің "Ем болсын! Ем болсын!" деп, арнайы дайындалған суық суға сүңгіп шыққаны анық көрінеді.
Естеріңізге салсақ, 19 қаңтарда христиан жамағаты «Шоқыну мейрамын» атап өткен болатын.
Пікір қалдыру