Бүгін Шығыс Қазақстан облысында күн райының күрт суытуына байланысты мектептерде сабақтар тоқтатылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өскеменде ауаның температурасы -30 градус, онда 1-2 ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары үшін сабақтар жүргізілмейді, Семейде одан бір градус төмен - мұнда екі ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары, колледждердің І және ІІ курс студенттері үшін сабақ тоқтатылған.
Зырянда 33 градус аяз, онда 1 және 2 ауысыммен оқитын 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.
Риддерде 30 градус аяз, 1-2 ауысыммен оқитын 1-11 сынып аралығындағы оқушылар үшін сабақ тоқтатылған.
Өңірдегі 20 қаңтарға арналған гидрометеоболжам: солтүстіктен 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауаның температурасы 33-38 градус, кей жерлерде 23-28 градус, күндіз - 25-30 градус, кей жерлерде 15-20 градус аяз болады, жауын-шашынсыз, кейбір жерлерде тұман түседі.
Пікір қалдыру