Солтүстік Қазақстан облысына шетелден келетін қандастар мен тұрмысы қиын өңірлерден 250 отбасы қоныс аударады

/uploads/thumbnail/20170708211521067_small.jpg

Биылғы жылы Солтүстік Қазақстан облысына 250-ге жуық отбасы қоныстанады. Олардың жартысы сырттан келген қандастарымыз болса, қалған бөлігі тұрмысы қиын облыстардан көшірілетін отбасылар, - деп мәлімдеді СҚО әкімі Ерік Сұлтанов Астанада өткізген баспасөз мәслихатында.

«Жақсы жаңалық бар. Үкімет тапсырмасымен облысымызға 250 отбасы қоныстанады. Олардың жартысы шет елдерден келетін қандастарымыз болса, қалған бөлігі Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарының тұрғындары. Бұл жұмыс ағымдағы жыл ішінде атқарылатын болады», - деген облыс басшысы бұл межені алдағы уақытта ұлғайтуға, облысқа қандастарымызды көптеп шақыруға мүдделі екендіктерін жеткізді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар