Атырауда қалалық қорғаныс істері басқармасы бастығының орынбасары ұсталды

/uploads/thumbnail/20170708211612380_small.jpg

Атырау қалалық қорғаныс істері басқармасы бастығының орынбасары М.Орынбеков пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облыстық департаменті Атырау қалалық қорғаныс істері басқармасы бастығының орынбасары, капитан М.Орынбеков пен мобилизациялық жоспарлау бөлімінің бастығы, капитан Д.Оспановты  ұстады. Лауазымды тұлғалардың жеке тұлғадан есепке дер уақытында тұрмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау және әскерге шақыру жасының өтуіне байланысты әскери билет беру үшін 70 мың теңге пара алғаны анықталды. Қазіргі уақытта М.Орынбеков ҚР ҚІЖК 128-ші бабына сәйкес Атырау қалалық ІІБ оқшаулағышына қамалды. Сот алдында тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада. 

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар