Қарағандыда ломбардқа шабуыл жасалды

/uploads/thumbnail/20170708211622130_small.jpg

Қарағандыда полицейлер ломбардқа қарақшылық шабуыл жасауда күдікті адамды «ізін суытпай» ұстады, - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«20 қаңтарда Қарағандыдағы сауда үйлердің бірінде орналасқан ломбардқа шабуыл жасалды. Екі қызметкерді пышақпен қорқытқан белгісіз адам ақшалай қаражатты алып кетпек болған. Аталған секторда жедел-іздеу шарасын өткізген Қарағанды қалалық ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері мен ломбард жұмысшылары оқиға орнында қаланың 30 жастағы тұрғынын ұстады», - делінген хабарламада.

Қарқшылық шабуыл фактісімен ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлімімен сот алдындағы тергеу амалдары өткізілуде. «Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Айғақ дәлел - пышақ алынды», - деп қосып өтті ІІД-нің баспасөз қызметінен.

 

 

 

Қатысты Мақалалар