Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро қызметкерлері Астана қаласында бірқатар жемқорлық қылмыстардың бетін ашты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Астана қаласы Сарыарқа ауданы ІІБ-нің жедел уәкілетті өкілі А. Ережепбаев деректер базасынан тіркеу мәліметтерін жою үшін 195 мың теңге пара алу сәтінде қолға түскен. Ұсталған полицей ҚР ҚАК-нің 128-бабына сай, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Сондай-ақ, қала әкімшілік полиция басқармасы жол-патрульдік полициясының аға инсекторы мен инспекторы Б. Рахымбеков пен Н. Сыздықов мас күйінде көлік жүргізген тәртіп бұзушыдан пара алу кезінде ұсталған.
Сонымен қатар, жемқорлықпен күрес қызметінің өкілдері Қостанай облыстық ІІД-і Ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, орталық базарда сауда жасаушы азаматтан пара алған жедел уәкілетті өкіл Б. Ташмұқановты құрықтаған.