Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында автобус апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты, - деп хабарлайды 24-арна.
Оқиға Наньдань елді мекенінің маңында болып отыр. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, автобус Бицзе қаласына қарай бағыт алған. Қайғылы оқиғадан кейін тасжол жабылып, тергеу амалдары басталып кетті. Әзірге апаттың неден болғаны белгісіз.