Қытайдың Тяньмэньшань ұлттық саябағында салынып жатқан әлемдегі ең ұзын шыныдан жасалған көпір құрылысы бітуге таяп қалды.
Өткен жылы әлемдік рекордты жаңартқан осы саябақтағы шыны көпірден бұл нысан 400 метге ұзын ал ені 6 метрге жетеді. Көпірде бір уақытта 800 адам өте алады. Ал осында тұрып төменге қарасаңыз бас айналатындай. Өйткені жерден 300 метр жоғарыда.

