Саяси партиялар үгіт жұмыстарын 20 ақпанда бастай алады

/uploads/thumbnail/20170708211901320_small.jpg

Саяси партиялар үшін үгіт-насихат жұмыстары 20 ақпанда басталады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын әзірлеу және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі республикалық семинар-кеңесте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

ОСК төрағасы өз сөзінде кандидаттар мен саяси партияларға сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге теңдей мүмкіндік жасау қажеттігін атап өтті.

«БАҚ арқылы үгіт-насихат жұмыстары тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін басталады. Яғни, саяси партиялар үшін үгіт-насихат жұмыстары 20 ақпанда, Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға 6 наурызда, ал мәслихат депутаттығына кандидаттарға 24 ақпанда басталады», - деді ол.

Қ.Тұрғанқұловтың айтуынша, үгіт-насихат жұмыстары басталғанға дейін саяси партиялардың мақсаттары мен міндеттерін насихаттайтын жарнамалық материалдардың барлығына да партияның сайлау қорынан қаржы төленуі тиіс.

«Сайлау алды үгіт-насихатты қамтитын барлық материалдарда қаржыландыру көздері туралы ақпарат болуы қажет», - деді ОСК төрағасы. 

 

Қатысты Мақалалар