Ғалымдарға дағдарыстың емін табуды тапсырды

/uploads/thumbnail/20170708212106128_small.jpg

Елбасы Н. Назарбаев Ақордада академик, экс-депутат Кенжеғали Сағадиевпен кездесуде қазақстандық ғалымдар алдына осындай міндет қойды, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы.

Назарбаев отандық ғалымдарға әлемдік дағдарыстың себебін табуға тапсырма берді. Өйткені, президенттің ойынша, бұл күрделі сұрақтың жауабын  аузын айға білеген Нобель сыйлығының лауреаттары да білмейді. 

Бүгін Ақордада елімізге танымал академик Кенжеғали Сағадиевті қабылдаған президент ғалымдарға үнсіз отыра бермей, құлдыраған әлемдік экономика мен ушыққан геосаяси жағдайға қатысты пікір білдіріп отыруын сұрады. Және ол жай құрақ сөз емес, дәйек пен дерекке негізделген салмақты сараптама болуы тиіс. Себебі жұрт жаһандағы дағдарысқа қатысты пайым жасай алмай отыр. Сағадиев бұл олқылықтың орнын толтыруға уәде етті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Өзіңіз көріп отырсыз. Мына дүниеде дағдарысты айтқанда үндемейді. Нобель сыйлығының лауреаттары үндемейді. Ешқайсысы үндемейді.Ешқайсысы бір сараптама  жасап қиындықтан шығудың жолын айтпайды. Осының бәріне біздің Ғылым Академиясы  ғалымдардың пікірлерін,ойланып айтатын сөздері болуы керек. Олар енді осымен отыр ғой. Мен мына шаруашалықпен отырмын, ананы да қарауым керек, мынаны да қарауым керек. 

 

Қатысты Мақалалар