Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Алматы әкімі Бауыржан Байбек қала әкімдігіндегі кадрлық ауыс-түйістерге түсініктеме берді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
"Командалық ауысулар туралы. Сіздер білесіздер, Ұлттық комиссия тағайындайтын "А" корпусы бар бізде. Онда әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметкерлер бар. Саяси қызметкерлер байқаусыз тағайындалады. Сондықтан командалық ауысулар туралы айту қиындау", - деді ол бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.
Оның сөзі бойынша, Алматы әкімдігінде үйлесімді және тиімді кәсіби команда жиналған.
"Менімен партияда бірге істеген адамдар бар, Президент Әкімшілігінен келген адамдар да бар.
Өте үйлесімді әрі тиімді команда. Саяси болғандықтан, олар байқаудан тыс тағайындалады. Олардың кәсіби талабы анықталады. Меніңше, ең бастысы - команданың үйлесімді жұмысы. Дегенмен бізде әкімдікте жұмыс істеп жатқан адамдар да жеткілікті.
Жалпы біздің әкімдікте жаппай ауыс-түйіс болып жатыр деп айтуға болмайды", - дейді ол.
Оның сөзі бойынша, жетекшілердің басым бөлігі өз орындарында қалып отыр.
"Осы мәселеде нақты білу керек. "А" корпусы ол - аудан әкімдері. Аудандық әкімдер ауысқан жоқ. Олар бұрынғыша қызметтерін атқаруда. Сондықтан менің ойымша, ең бастысы команданың тиімділігі. Басқарма төрағаларының басым бөлігі орындарында қалды. Соңғы жарты жыл бізге оңай болмағанын білесіздер. Алматы - оңай қала емес. Дегенмен бағаны мен бере алмаймын. Бағаны беретін сіздер. Алайда команда өз қызметін атқарып жатыр. Бастысы кәсібилік. Олардың көбі Президент Әкімшілігінде қызмет істеген. Аймақ басшылары болған адамдар", - дейді әкім.