Ел Президенті Н. Назарбаев әлеуметтік желілерді түрлі тақырыпта пікір таластыратын маңызды алаң деп санайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Ақорданың Фейсбуктегі бетінде жариялады.
Жазылушылар саны 10 мыңнан асқан ресми парақшада Дәурен Абаев барлық желі қолданушыларына алғыс білдірді.
«Біз әр жарияланымды қадағалап отырған және ресми бетті жетілдіру бойынша ұсыныс жасаған барлықтарыңызға ризашылық білдіреміз. Тек кері байланыс арқылы ғана біз өз жұмысымызды жақсарта аламыз», - деген Д. Абаев.
Сонымен қатар, ол «Мемлекет басшысы жұмыс бастылығына қарамастан әлеуметтік желідегі негізгі трендтерден хабардар және әлеуметтік желіні қоғамдық пікір таластар үшін маңызды алаң деп санайды», - деген.