Құрметті сайт оқырмандары!
Осы күнге дейін сайттағы техникалық себептермен мүмкін болмай келген қиындықтар шешімін табуда. Атап айтқанда, бұрын қалта телефоны арқылы «Қамшыға» кірген оқырмандар оқыған мақалаларының астына пікір жаза алмайтын. Енді сол олқылықтың орны толып отыр. Қауіпсіздік шаралары да барынша күшейтілді. Әрбір оқырман пікір жариялау үшін өзінің әлдебір вирустық шабуылдаушы еместігін дәлелдеп, пікірін жолдар алдында арнайы жолаққа ұсынылған есептің шешімін енгізсе жеткілікті.
Ұлттың сөзін айтып, қоғам мен мемлекет өміріндегі өзекті мәселелерді көтерген өткір мақалаларға уақытылы үн қосуларыңыз біз үшін ерекше маңызды.
Сайтымызға енетін техникалық жаңалықтарды алдағы уақытта хабарлап отырамыз.
«Қамшыларыңыз» өз қолдарыңызда, ағайын!