Бурятия азаматы Путин саясатын сынап, Ресей халқына үндеу жолдады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708212308208_small.jpg

Youtube желісінде жарияланған видеода Ресей құрамындағы Бурятия азаматы бүгінгі таңда ресейлік телеарналар таратып жатқан хабарлар мен елде жүргізіліп отырған ақпараттық саясатты сынға алды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

 «Қазір телеарналар мені, менің туыстарымды, таныстарымды, барлығымызды алдап, миымызды «жуып» жатыр. Бұл барлығымызды, мына режимге сенетін бар адамдарды психологиялық ауруға шалдықтырады. Федералды арналарды көру мүмкін емес», - дейді Владимир Шафиров.

Сондай-ақ, ол Путин құрған жүйе ресейліктердің санасын улап тастағанын айтады.

«Ресейліктерге қараны ақ десе, солай қабылдайтын деңгейге жетті. Путиндік жүйе коррупцияға белшеден батты. Адамдар Ресейдегі бар проблемаларды көрмеуі үшін бізге күнде Сирияны көрсетеді, Украинадағы «есуастарды» көрсетеді» - деді ол.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар