Биыл – Алаштың Әлиханы, «Алаш» партиясының жетекшісі, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы. Осы атаулы датаға орай қоғамда түрлі бастамалар көтеріліп, ұлт қайраткерінің есімін ұлықтауды мақсат еткен ұсыныстар көптеп айтылуда. Алматылықтардың бір тобы қаладағы Фурманов даңғылына Әлихан есімін беру мәселесін көтергені белгілі. Енді тқаладағы бір топ жастар әлеуметтік желіде Алатаудың бұған дейін «Фурманов» атымен аталып келген бір шыңына Әлихан Бөкейханның есімін беруді көтеріп отыр. «Қамшы» порталы осы игі бастаманың басы-қасында жүрген азамат, белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила мырзаны әңгімеге тартқан еді.
Жұрт «Фурмановка» деп атап кеткен шыңға Әлихан Бөкейханның атын бергелі жатыр екенсіздер, бұл ой қалай келді?
Біз достарымызбен соңғы он жыл бойы Алатаудың барлық шыңдарына шығып келеміз. Барлығы орысша атаулармен аталаы, Қазақтың сондай керемет жерлерін атайтындай қазақта сөз жоқ па деп, үнемі көкейде жүретін. Сонымен осы жолы өзім бас болып, қолаушылар табылып, ұйымдастырып жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер биыл Әлихан Бөкейхан атамыздың 150 жылдғы, «Алаш, Алаш» деп құр айғайлай бергеннен түкте шықпайды, нақты қадамдар керек, ұрпақтың санасына сіңетін жұмыстар керек. Сол нақты қадамды біз осылай бастап отырмыз. 31 қаңтар күні «Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебінің командасының атсалысуымен Алматылықтарды ертіп барып, сол шыңға «Әлихан шыңы» деген атау бермекпіз. Арнайы видеоға жазып, Республикалық Ономостикалық комитетке ұсыныс жасаймыз.

Бұндай бастамаларды жұрт қалай қабылдап жатыр?
Қолдаушылардың саны өте көп, әлеуметтік желіде қаны бар қазақтардың барлығы жазып жатыр, өзге облыстардан да қолау білдіріп, өз аймақтарындағы орысша жер атауларына қазақша атау беру жағын ойластырып жатқандар бар. Бізде бір түрлі енжарлық бар, бойкүйез, марғаумыз. Болмаса, тәуелсіз елміз, байтақ даламыз бар, көпшілігін орыс тілінде айтып жүрміз. Біз осы жолы шыңға шығып келгеннен кейін, бірден ТВ, БАҚ, әлеуметтік желілерге тарата бастаймыз. Сонда, бейресми түрде бірден «Әлихан» шыңы деп аталатын болады. Осындай бастамаларды ел болып көтеруіміз крек. Алаш арыстарын қалай ұлықтасақ та жарасады.
Бұл бастамаларыңыз осымен тоқтап қалмай ма? Қоғамда жалғасын таба ма?
Өзім жетекшілік ететін «Бизнес-бастау» кәсіпкерлік мектебі жастарға тек бизнес турасында емес, басқа да іс шараларды ұйымдастырып отырамыз. Салауатты өмір салты, ұлттық құндылықтарға бей-жай қарамау, қайырымдылық, т.б жұмыстарды күнделікті болып тұрады. Жексенбі сайын тауға шығамыз, ұлттық мерекелерді тойлаймыз, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырамыз, кеңсемізде шағын жаттығу залы орналасқан. Бұл іс-шарада отанын, мемлекетін сүюге жетелейтін жұмыс, тек осымен тоқтамаймыз, жоспарларымыз өте үлкен.
Әңгімеңізге рахмет!