"Нұр Отан" жалға берілетін баспанаға басымдық жасамақ

/uploads/thumbnail/20170708212659695_small.jpeg

Жалға берілетін тұрғын үй қымбат ипотекалық зайымдарға балама болады. «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан - 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» жаңа Сайлауалды бағдарламасында осылай делінген.

«Партияның тұрғын үй саясатындағы қазіргі кезең үшін басты басымдығы жалға берілетін тұрғын үйді дамыту болып табылады. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы - партия Көшбасшысы бастамашы болған «Нұрлы жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасының маңызды бөлігі. Жалға берілетін тұрғын үй - бұл ел азаматтарын, ең алдымен, жас отбасыларды дербес баспанамен қамтамасыз ету үшін прагматикалық және нақтылы жол. Ол әсіресе халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін неғұрлым қолжетімді және сұранысқа ие құрал», - деп атап өтілген жаңа Сайлауалды бағдарламасында.

Атап айтқанда, жалға берілетін тұрғын үй қымбат ипотекалық зайымдарға балама болады және қолжетімді баспанаға мұқтаждарды барынша көп қамтуға жағдай жасайды.

«2020 жылға дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1,4 млн. шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салынады. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы барысында біздің ел экономикасы үшін мультипликативті әсер алатынымыз да өте маңызды -  құрылыстағы 1 жұмыс орны сабақтас салаларда алтыға дейін қосымша жұмыс орындарын ашады», - делінген құжатта.

"Қамшы" сілтейді 

Қатысты Мақалалар