«Нұр Отан» саяси партиясының кезектен тыс XVII съезінде Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков елордада жұмыссыздар жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Астана жалпыға ортақ еңбек қаласына айналды. Бұл қалада жоғары білікті кадрлар жұмыс істеп жатыр, мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Шынтуайтына келгенде, елордада жұмыссыздық жоқ десе де болады. Жұмыссыздар саны 2 мыңға жетер-жетпес деңгейде, бұл - бір миллионға жуықтап қалған қаладағы көрсеткіш. Ал бос жұмыс орындарының саны әлдеқайда көп», - деп атап өтті әкім.
Оның үстіне қала басшысының сөзі бойынша, жұмыссыз 2 мың адам қазіргі уақытта қайта оқытылып, қоғамдық жұмыстарға орналастырылуда.