Өскеменде 2015 жылы бала туу көрсеткіші 6,1%-ға, халықтың табиғи өсімі 27%-ға артты. Нәрестенің өлім-жітімі 11,5%-ға азайды. Ал ана өлімі тіркелген жоқ. Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен есеп беру кездесуінде Өскемен әкімі Темірбек Қасымжанов хабарлады.
Туберкулезбен ауру көрсеткіші 13,7%-ға және қатерлі ісік 0,7%-ға төмендеген.
Т. Қасымжановтың айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы жақсы көрсеткіштер медициналық қызмет сапасының жақсаруына, жоғары технологиялық жүйені енгізуге байланысты. Біздің дәрігерлер шетелде біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, шетел клиникаларына оқуға барады.
Өскемен әкімі облыс орталығында дәрігермен қамтамасыз ету, жас мамандарды тарту бойынша мәселелер шешіліп жатқанын атап өтті.
Айтқандай, Өскеменде биыл Семей мемлекеттік медициналық университеті ашылды. Қалада жас мамандарға арналған 70 орындық жатақхана салынуда. Облыстық аурухана базасында Саll-центр, облыстық сауықтыру орталығы, 1 медициналық мекеме ашылды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығында.