Нұрлан Әлімжан, актер: Депутат болған соң адал еңбек ету керек

/uploads/thumbnail/20170708212821868_small.jpg

«Нұр Отан» саяси партиясының кезектен тыс XVII съезінде бекітілген Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізіміндегі әнші, актер Нұрлан Әлімжан тізімдегі алаштың аяулы азаматтары үшін тілекші екендігін жеткізді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Партиялық тізімге енуім - мен үшін жаңа белес. Егер де өтіп депутаттыққа өтіп жатсам,  Елбасымыздың үлкен жоспарларын қазақтың бір азаматы ретінде жүзеге асыруға аянбай тер төгемін деген сенімдемін. Алдын ала ештеңе жоспарламаймын, өйткені, бұл - сайлау. Әлі ешкім ешқайда өткен жоқ. Сондықтан, тізімнің ішінде болғаныма да қуаныштымын», - дейді Н.Әлімжан.

Сондай-ақ әртіс: «Замандастарымның арасынан  Геннадий,  Илья, Серік депутаттыққа өтсе, қазақтың спортын аспандатар еді»,-дейді.

«Олар - қазақ спортын аспандатпаса, кем түсірмейтін азаматтар. Жалпы, тізімде  алаштың талай аяулылары бар. Бәріне тілекшімін. Кім болса да, депутат болған соң ел үшін әділ еңбек етуі керек»,-деді Н.Әлімжан.

Қатысты Мақалалар