Қызылорда облысында екі бірдей отбасында үшем дүниеге келді. Қазалылық Кенжегүл Ембергенова үш ұл босанып, санавиациямен облыстық перинаталды орталыққа жеткізілген. Ұлдарының есімін Диас, Мирас, Манас деп атапты. Денсаулықтары қалыпты болғасын дәрігерлер жақында ғана нәрестелерді үйлеріне жіберді.
Екінші айтулы қуаныштың иесі - Нұргүл Бегімбетова перинаталды орталықта босанды. Тоғыз жылдан бері перзент сүюді аңсап жүрген ерлі-зайыптылардың отбасында бір қыз бар болатын. Енді оның екі інісі мен бір сіңлісі бар. Белібай ауылы да бірден үш тұрғынмен толықты. Ата-анасы балаларының есімдерін Абдулрахим, Абдулазиз, Раяна деп қойды. Бүгін үшемдер үйлеріне шығарылды.