Экс-депутаттар "жұлдыз" кандидаттарға қарсы шығуда

/uploads/thumbnail/20170708212903650_small.JPG

"Нұр Отан" партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде ұсынылған өнер жұлдыздары мен спортшылар сынға ұшырауда. Мәжілістің бұрынғы депутаттары Азат Перуашев пен Абай Тасболатов ол жұлдыздардың үміткер ретінде ұсынылуына негіз жоқ деп санайды. Бұл туралы "Қамшы" порталы хабарлайды.

«Мен мұндай қажеттілікті көріп отырған жоқпын. Біріншіден, тәжірибе қажет. Ол — әнші. Әрине оны жастар жақсы көреді. Парламентте заңдарды түсіну қажет. Ол үшін, тағы қайталап айтайын, өмірлік тәжірибе қажет. Сондықтан — бұл шоу, менің оны қабылдамайтыным түсінікті. Егер спортшылар болса, олардың басқару тәжрибелері болуға тиіс. Ал қазіргі спортшылар спортпен айналысып, елге септігін тигізе берсін»,- дейді А. Тасболатов журналистерге.

Ал Азат Перуашевтің бұған көзқарасы  тәп-тәуір. «Бірншіден, жұлдыздар — барлығы секілді, олар да адамдар. Олардың азаматық-конституциялық сайлау және сайлану құқығы бар.(…). Екінші жағынан, әрине парламент — жоғары заң шығарушы орган, онда жұмыс істейтін адамдар өз саласында білікті болуға тиіс», — деді А. Перуашев.

Оның пікірінше, жұлдыздар мәдениет, рухани дамыту саласына сұранысқа ие болады. «Бірақ, менің ойымша, бүгінде негізгі сын-тегеуріндер экономика және нарық институтында. Сондықтан жұлдыздар — әрине бұл жақсы. Ол партияның беделін көтеруге, танымалдығын арттыруға көмектеседі, дегенмен күнделікті ағымдық жұмыс экономикаға қатыстырақ болады. Бұл іс осы салада жұмыс істеген адамдарға жақынырақ»,- деп санайды А. Перуашев.

Қатысты Мақалалар