Жармахан Тұяқбай, ЖСДП жетекшісі: Бүгінгі билік кетіп, орнына жаңа буын келуі керек!

/uploads/thumbnail/20170708212918479_small.jpg

Бүгін Алматыда Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның съезі өтуде, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы.

Съезді ашқан партия жетекшісі Жармахан Тұяқбай баяндамасын «Бүгінгі билік кетіп, орнына жаңа буын келуі керек!» деп бастады.

Ал, кеше ЖСДП мен жалпыұлттық азаматтық жиналыс ұйымы бірлескен жиын өткізіп, ЖСДП атынан парламент сайлауына 13 кандидат ұсыну туралы ұйғарым жасалған. Олардың арасында бұрын ЖСДП мүшесі болмағандар да бар.

Бұған дейін ЖСДП-ның кейбір бөлімшелері «сайлауға Жармахан Тұяқбайсыз қатысуды» ұсынған. Түпкілікті шешім бүгінгі съезде қабылданып, парламент мәжілісі депутаттығына ЖСДП атынан ұсынылатын кандидаттар тізімі бекітілуі тиіс.

Қатысты Мақалалар