Малайзия мемлекеті қытайлықтарды визасыз қабылдайтын болды. Бұл туралы Қытайдағы «Халық» порталы хабарлайды.
Малайзияның Премьер-министрі Нажиб Малайзияның саяси орталығы Путраяия қаласында өткізілген жиналыста мәлімдеме жариялаған. Онда туризмді дамыту үшін 1 наурыз күнінен 31 желтоқсанға дейін қытайлық саяхатшылар Малайзияға визасыз кела алатыны айтылған.