Украинада тұмаудан 155 адам көз жұмды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Олардың арасында Н-1N-1 вирусына шалдығып қайтыс болғандар да бар деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Сырқаттан ажал құшқандардың дені Одесса өңірінің тұрғындары. Елдің 18 облысында дертті жұқтыру эпидемиологиялық шегінен асып кетті. Сондықтан осы аптада мемлекеттік органдар «ресми тұмау эпидемиясын» жариялады. Бүгінгі күнге дейін тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекцияларды жұқтырған украиналықтардың саны 3 млн-дан асты. Қазір мамандар елде науқастарды емдейтін дәрі-дәрмектер тапшы екенін мойындап отыр.
Ольга Голубовская, Украина Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас инфекционисі:
- Бүгінде тиісті қондырғылар мен медициналық мақсатта пайдаланылатын құралдар жетіспейді. Енді осы қажетті заттарды тезірек сатып алу үшін біз министрліктен елде тұмау эпидемиясын жариялауды сұрадық. Өйткені бізге дәл қазір шұғыл түрде оттегімен демалуға мүмкіндік беретін бетперделер, дем алу аппараттары және түрлі препараттар қажет.