Оралда жедел жәрдем көлігі аударылып қалды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708213021386_small.JPG

Бүгін Орал қаласында жедел жәрдем көлігі аударылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «Мой Городқа» сілтеме жасап.

Басылымның айтуыннша, арнайы көлік жедел жәрдем стансасына қайтып келе жатып апатқа ұшыраған.

Оқиға орнына жеткен станса механигі Ерген Хангереевтің айтуынша, жедел жәрдем көлігінің аударылуына басқа бір көлік себеп болған.

«Жедел жәрдем көлігі Жазира ауданынан стансаға келе жатқан. «Динамо» шаңғы базасының тұсында оның жолын басқа көлік қиып кетеді. Жедел жәрдем жүргізушісі соғылудың алдын алу үшін рөлді оңға бұрып жіберген. Сол кезде көлік аударылған», - дейді Е. Хангереев. Ал, оқиғаға «кінәлі» делінген көлік апат орнынан бой тасалаған.

Апаттан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі еш жарақат алмаған, ал, санитар мен фельдшер түрлі жарақатпен облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылған.


 

 

Қатысты Мақалалар