Бішкектегі Қазақстан елшілігінде күзет күшейтілді

/uploads/thumbnail/20170709061127318_small.jpg

Қытай елшілігі маңында болған жарылыстан соң Бішкекте дипломатиялық өкілдіктер мен мемлекеттік ведомстволарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінен хабарлағандай, елшілікте полиция бақылауы күшейтілген, сондай-ақ дипмисияның аумағын санкцияланбаған кіруден қорғу үшін қақпалардың алдына металл конструкциялар (антитаран) орнатылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Бүгін сағат 9.30-да Бішкекте орналасқан Қытай елшілігі маңында жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, құқық қорғау органдары оқиғаны теракт болуы мүмкін екендігін атап өтті. Мекеменің батыс қақпасын бұзып кіргісі келген Mitsubishi Delica көлігі жарылған.

Жарылыс салдарынан автокөлікте болған жүргізуші қаза тапқан және 2 адам зардап шеккен. Жүргізушінің аты-жөні анықталуда. Дипломаттардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Оқиға орнында Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Лаңкестікке қарсы орталық қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. 

Связанные Статьи