Өзбекстан Республикасында 1 қыркүйек күні аталып өтуі тиіс Тәуелсіздік күнінің салтанатты іс-шаралары кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz KNEWS – ке сілтеме жасап.
Іс-шараның кейіінге шегерілуінің себептері әзірге айтылмай отыр.
Өзбекстан 1 қыркүйек күні тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуі тиіс болатын. Оның қарсаңында мемлекет басшысының денсаулық жағдайына байланысты қарама-қайшы ақпараттар тарауда. Жексенбі күні И. Кәрімовтің миына қан құйылып, ауруханаға түскені хабарланса, кеше бірқатар ақпарат құралдары оның дүниеден өткені туралы мәлімет таратты.