Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің қызы Лола Кәрімова-Телляева инстаграмдағы парақшасында отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Барлық отандастарымды шын жүректен Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Өзбекстанның еңбекқор, шексіз талантты және ақжүректі халқына бақыт, молшылық пен гүлдену тілеймін. Біздің қасиетті жерімізде тек бейбітшілік пен тыныштық, Отанымыз сан ғасыр бойы мақтаныш етіп келе жатқан түрлі ұлт пен дін өкілдері арасында толеранттылық пен өзара сыйластық жасай берсін!», - деп жазады ол.
Сондай-ақ, Л. Кәрімова-Теляяева қиын сәтте әкесінің тез айығуына тілекші болғандарға да алғыс білдірді.
«Мен сонымен қатар, Сіздердің барлықтарыңызды біздің Президентіміздің тезірек айығуына тілектес болған мейірімді, шынайы қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін! Бұл біз үшін көп мағына береді және мен сіздердің жүректеріңіздің тереңінен шыққан бұл мейірім күші оның айығуына көмектесетініне сенемін. Сіздерге көп рақмет!», - дейді Л. Кәрімова-Телляева.
Естеріңізге салсақ, И. Кәрімов миына қан құйылып, реанимация бөлімінде жатыр. Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдары оның көз жұмғаны туралы хабар таратқан. Ресми Тәшкен бұл ақпараттарды жоққа шығарған жоқ, растамады да.
Оставить комментарий