Кәрімовтің көз жұмғаны туралы ақпаратты қызы таратқан ба?

/uploads/thumbnail/20170709061220194_small.jpg

Ресейлік «Известия» басылымы өзінің дереккөзіне сүйеніп «29 тамыз күні Ислам Кәрімовтің көз жұмғаны туралы ақпаратты оның кіші қызы Лола Кәрімова-Телляева таратуы мүмкін», - деп жазады.

Алайда, мұндай ақпарат тарату Л. Кәрімова-Тилляеваға не үшін керек болғаны айтылмайды.

Басылымның хабарлауынша, И. Кәрімовтің үлкен қызы Гүлнара Кәрімова Лондонда үйқамақта отырған көрінеді.

Дереккөз сондай-ақ, басылымға «Ислам Кәрімовтің арнайы аппарат арқылы өмір сүріп жатқанын, мұның бірнеше күнге ғана созылатынын, президент дүниеден өткен жағдайда оның орнына қазіргі премьер-министр Шавхат Мирзияев отыруы мүмкін» екенін айтқан.

Оставить комментарий

Связанные Статьи