Аталған квартал Тәжікстанның Худжанд қаласында ашылды. Осыған орай, Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігінің бастамасымен қазақстандық делегация Худжанд қаласына барып қайтты. Бұл бастамаға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қолдау білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz - ке сілтеме жасап.
Тамыздың 25-сі күні өткен мерекелік шара барысында «Шымкент» кварталының ресми ашылу салтанаты өтті. Жаңа квартал Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, сондай-ақ бауырлас қалаға құрмет көрсету белгісі ретінде ашылып отыр.
«Сапар барысында Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясы Соғды облысының кәсіпкерлерімен кездесіп, бірлескен жобаларды іске асыру жайын талқылады. Тараптар екіжақты ынтамқтастықты дамытуға мүделлі екенін жеткізді», - делінген СІМ баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада.
Оставить комментарий