ПРЕЗИДЕНТТІҢ ІС БАСҚАРМАСЫ КӨЛІКТЕРІМЕН VIP-КОРТЕЖ ҚЫЗМЕТІ КӨРСЕТІЛЕТІНІ ХАБАРЛАНДЫ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709061308538_small.jpg

ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты автошаруашылық кәсіпорны тілек білдірушілерге қымбат көліктермен тасымал қызметін көрсететінін жариялады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Тіпті ол туралы жарнамалық ролик те әзірленіп, желіге орналастырылыпты.

Мерседес, Тойота, Хюндай, БМВ, Ниссан, Фольксваген маркалы көліктермен тасымал қызметін ұсынуға ниетті кәсіпорын үйлену тойына арналған кортеждерге шығатын көліктерде АDM сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірі болмайтынын хабарлаған.

Президенттік кортеждегі көліктердің қызмет ақысы да әртүрлі екен. Мәселен, S класты Мерседес-Бенц жеңіл көліктерді жалға алудың құны сағатына 6 мың теңге, ал, Е класты Мерседестердікі 3 мың, БМВ 5 мың теңгеден басталатын көрінеді.

«ҚР Президентінің Іс басқармасы автошаруашылығы» РМК сайтында төмендегідей хабарлама мәтіні орналастырылған:

«Бүгінгі күні Кәсіпорында жайлы жеңіл көліктершағын автобустар мен әртүрлі маркалы шетел автобустары,  сонымен қатар VIP автокөліктері бар. Біз өкілдік класстағы Mercedes, BMW, Toyota, Nissan, Volkswagen автокөліктерін, Toyota және Hyundai маркалы жайлы автобустар мен  шағын автобустар ұсынамыз.

Көліктік қызметті жоғары білікті жүргізушілер көрсетеді, және де көліктің техникалық жағдайы  күрделі де ұзақ тапсырыстарда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Көрсетілген қызметке Сіздерге ыңғайлы жолмен төлем төлеуге болады: қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Кәсіпорын Сіздерге сапалы және жылдам қызмет көрсету, жүргізушісі бар көлікке қолайлы баға  және  әрбір клиентке дара тіл табуды ұсынады!».

Оставить комментарий

Связанные Статьи