Инсульт алып, ауруханада жатыр делінген Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің Тәуелсіздік күнімен құттықтауы өзбек телеарналарында оқылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Өзбек және орыс тілінде оқылған құттықтау сондай-ақ, президент баспасөз қызметінің сайтына да орналастырылған.
Құттықтауда Өзбекстанның тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері, экономикалық-әлеуметтік даму жайы айтылған.
И. Кәрімов құттықтауында елдің таңдаған жолының дұрыстығын уақыттың өзі дәлелдегенін айтады.
«Шынымен де, тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап біздің тілегіміздің қанша қиын, қанша қауіпті болғанына, әр қадамымыз кедергілер мен тосқауылдарға толы болғанына, өткір мәселелерге қарамастан, біз еліміздің бүгіні мен ертеңгі міндеттеріне жауап беретін терең ойластырылған стратегияны сатылап әзірлеуді жалғастыра бердік», - делінген құттықтауда.
Сондай-ақ, республика халқы мен оның президенті бірқатар елдердің басшылары да құттықтаған.
1991 жылдың 31 тамызында КСРО құрамынан тәуелсіздігін алған Өзбекстан 1 қыркүйекте Тәуелсіздік күнін атап өтеді.
Бұған дейін И. Кәрімовтің инсульт алып, ауруханаға түскені хабарланған болатын.
Оставить комментарий