Түркияның жергілікті басылымы саналатын «Sozcu» газетінің журналисі Жан Атаклы Путиннің Ердоғанға қойған 7 шарты жайлы жазады.
«Кейбір кездерде күтпеген жерде күтпеген адамдармен кездесіп қаласың. Жуырда жақын досымның үйінде болдым, орыс танысы да қонаққа келіпті. Алайда, бұл жәй адам болмай шықты. Кремльге оңай кіріп жүрген Путиннің аналитиктерінің бірі екен. Әңгімелесіп отырып Ердоғанның Ресейге сапары туралы, Путинмен әңгімесінің біз білмейтін тұстарын айтып берді. Оның айтуынша, Путин осы кездесуде Ердоғанға 7 шарт қойған. «Шарт» деп айтуым біраз қатты естілуі мүмкін, қаласаңыз 7 «ұсыныс» деп қабылдай аласыз»,-дейді Жан Атаклы.
Сонымен Ердоғанға қойылған ол жеті талап қандай талаптар болды екен?
1) Сирияға қатысты жүргізген саясат басынан қате болды:
Нәтижені Асадтың кетуімен жоспарладыңыз, алайда бұның қате екені белгілі болды. Біз Асадты қолдаймыз, сіз де ендігі жерде қырсығуды қойып Асадты мойындаңыз. Себебі Сирия мәселесінің шешімі Асадпен тікелей байланысты.
2) Қарабақ мәселесінде сабырлы болыңдар:
Қарабақ біз үшін маңызды. Сіз үшін де Әзірбайжанға байланысты маңызды екенін білеміз, бірақ сабырлы болыңыздар. Бұл мәселені де шешу керек. Бізге қырсығу арқылы бұл мәселені одан сайын қиындатып жібердіңіздер.
3) Қырым мен Кавказдан алыс жүріңдер:
Қырыммен тарихи байланыстарыңды қолданып, олардың бізге қарсы әрекеттерін қолдап отырсыңдар. Кейбір Кавказ елдерінде де осылай жасайсыңдар. Бұл әрекеттеріңді де мұқият бақылап жүрміз. Қателесіп жүрсіңдер. Бұлар байланысымыздың жақсаруына емес, жаңа проблемалардың ашылуына себеп болады.
4) Төрт елден қолдарыңды тартыңдар:
Қырғызстан, Түркменстан, Қазақстан, Өзбекстан федерациямыздың мүшелері. Сендердің құпия агенттерің бұл елдерде жұмыс жасап жатқандарын, бізге қарсы үгіттеп жүргендерін де білеміз, бақылап жүрміз. Бұларыңды қойыңдар. Сендерді бұлай тайраңдатып қойып, қарап отырмаймыз.
5) ДБП (Демократтық Бірлік Партиясы) біз үшін де маңызды:
Сирияда ИШИМ және соған ұқсас қауіпті ұйымдар бар кезде, сендер назарларыңды ДБП-ға (PYD – күрд партиясы) аударасыңдар. Олардың бізге де маңызды екенін біліңдер. Әр қадамдарыңды ойланып басыңдар. Әйтпесе, еш ойламаған жағдайлар орын алады.
6) Шекараларыңды террорға қарсы жабыңдар:
Енді Сирияға қару-жарақтарды жіберуді тоқтатыңдар. Шекараларың террорлық ұйымдар мен Ресейге қарсы әрекет жасайтындарға айқара ашық болып тұр. Шекараларыңа мұқият болыңдар, террорлық ұйымдарға қолдау көрсетпеңдер.
7) Басшыларың сөздеріне ие болсын:
Екі ел арасындағы байланыста сенім мен ашықтық өте маңызды. Кейбір басшылардың мәлімдемелері бізді қатты ашуландырды. Ұшағымыздың құлатылуынан кейінгі мәлімдеме жасаған кейбір басшылардың сөздері әлі де ұмытылмады. Бұдан кейін аса ұқыпты болыңдар.
«Путин көмекшісінің мәлімдемесін тыңдадым. Ашық айтайын, Қырым, Кавказ, төрт түркі елдері туралы осыншама детальді баяндаманы бұған дейін естімегенмін. Осы орыс аналитиктің тағы Путин-Ердоған кездесуі туралы өз ойлары мен болжамдарын айтты. Оларды келесі жазбамда оқисыздар» деп аяқтайды ойын.
Оставить комментарий