Президент Әнұран ойнағанда қосылып шырқамаған депутаттарға ескерту жасады

/uploads/thumbnail/20170709061404180_small.JPG

Бүгін алтыншы сайланған ҚР Парламентінің екінші сессиясы ашылды. Сессияның ашылу барысына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Конституцияның 59-бабына сәйкес, алтыншы сайланған Парламенттің екінші сессиясын ҚР Президенті ашық деп жариялады. 

Жаңа сессияны ашылуы Қазақстанның Әнұранын орындаумен басталды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әнұранды өзі де қосылып, бірге шырқады. Сосын жаңа сессияның ашылуына қатысты сөз сөйлеуге кіріспес бұрын Елбасы қатысып отырғандарға ескерту жасады. «Үкімет мүшелері, депутаттар Әнұран айтылғанда бірге айтып тұрғаны жөн болады, жарасады», - деді Н. Назарбаев. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи