Н. Назарбаев: ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТЕ БАТЫЛ ЗАҢНАМАЛЫҚ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТПІЗ

/uploads/thumbnail/20170709061441587_small.jpg

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді.

«Өткен жаздағы оқиғалар әлемдегі ешбір елдің лаңкестік әрекеттерден қорғалмағанын көрсетті. Лаңкестік қатер Қазақстанға да келді. (...) Елдің бәрі біз Тәуелсіздіктің екінші жиырма бес жылдығын қиын жағдаймен бастағанымызды айтып жүр», - деген ол Ақтөбе, Алматы қалаларында болған терактілерге де тоқталды.

«Қазақстан әлемнің басқа да елдері сияқты лаңкестік қатермен бетпе-бет келіп отыр. Ақтөбе, Алматы қалаларындағы терактілер кезінде Ұлттық ұлан жауынгерлері, полицейлер, еш кінәсі жоқ азаматтар қаза тапты», - деді Н. Назарбаев.

Президент мұндай қауіп-қатерге қатаң заңмен ғана қарсы тұруға болатынын баса айтты.

«Бізге мұндай шаруаларға қарсы тұру үшін батыл заңнамалық шараларға бару керек. Менің тапсырмаммен экстремизм, терроризм, қарсы барлау қызметі, дактилоскопиялық және гендік тірке, пробация, елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеті заң жобасы әзірленіп, Мәжіліске ұсынылады. Қазір ең бастысы – қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау», - деді Елбасы.

Парламент жұмысының екінші сессиясы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отырғанына назар аудартқан президент жаңа сессияда 50-ге жуық заң жобасы талқыланып, қабылданатынын айтты.

«Бұл тек той тойлау емес. Біз әрбір ауыл, қала, облыс, өңірлердегі халыққа ширек ғасыр ішінде жеткен жетістіктерімізді көрсетуіміз керек. Осы кезеңге белгіленген іс-шаралар қазірден басталуы тиіс», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, президент Ұлт жоспарын жүзеге асыру, халықтың әл-ауқатын арттыру мен заң сапасын жетілдіру, жаңа заңдарды халыққа түсіндіру жайына да тоқталды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи