Денсаулық сақтау министрі Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың жағдайына қатысты пікір білдірді

/uploads/thumbnail/20170709061547822_small.jpg

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында журналистерге сұxбат берген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова зорланған алты жасар қыздың жағдайы жайында айтып берді. Жақында ол бала Ақтаудың балалар ауруxанасынан Астанадағы Ана мен бала орталығына ауыстырылған болатын, - деп xабарлайды Qamshy.kz Baq.kz - ке сілтеме жасап.

«Әзірше, оның жағдайы тұрақты ауыр болып бағаланып отыр. Дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Жалпы, ойлаймын, оның жағдайы дұрысталады»,- деп атап көрсетті Т.Дүйсенова.

Ал «емдеу шараларына шетелдік дәрігерлер тартыла ма?» деген сұраққа министр: «Әзірге өзіміздің дәрігерлердің көмегі жеткілікті деп есептеймін», - деп жауап берді.

Айта кетейік, тамыздың 20-сы күні Ақтауда белгісіз біреу 6 жасар қызды ұрлап, зорлап кеткен болатын. Кішкентай бала ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне түскен. Бірнеше күннен кейін күдікті ұсталды деген ақпарат тарады. Алайда оның аталған қылмысқа қатысы бары расталған жоқ. Іздестіру шаралары жалғасуда.

Оставить комментарий

Связанные Статьи