Өз көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген экс-әкім 11 жылға сотталды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709061743592_small.jpg

Оралда өз көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген экс-әкімге қатысты сот үкімі шықты. Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев қатаң режимдегі колонияда 11 жыл бойы жазасын өтейтін болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.

Экс-әкім Жеңіс Серікқалиевтен бөлек, Теректі ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының бұрынғы басшысы мен оның көлік жүргізушісіне де үкім шықты. Шаруашылық басшысы Қажымұратовқа он бір жыл және есірткіге тәуелділіктен күштеп емделу, ал Ісмағамбетовке он жыл бас бостандықтарынан айыру жазасы кесілді. Биылғы жылдың 23 ақпанында екі азамат Теректі ауданы экс-әкімінің көңілдесіне бірнеше пышақ жарақатын салады. Тергеу барысында Жеңіс Серікқалиевтің өз досына көңілдесін өлтіруге тапсырыс бергені белгілі болған. Өйткені әйел экс-әкімді ортақ қыздарымен қорқытып келген. Ал тапсырыс алған Қажымұратов 500 мың теңгеге әйелді өлтіруді өзінің жүргізушісіне тапсырыпты.

Оставить комментарий

Связанные Статьи