Бірқатар ақпарат құралдары Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің көз жұмғанын, оны жерлеу рәсімі 3 қыркүйекте Самарқан қаласында өтетінін жазуда, - деп хабарлайды Qamshy.kz zanoza.kg – ге сілтеме жасап.
БАҚ-тың жазуынша, өзбек басшысын жерлеу рәсіміне дайындық басталып кеткен. Оның мәйіті Шахи Зинда тарихи ескерткішінің маңындағы зиратқа қойылатын көрінеді. Мұнда И. Кәрімовтің анасы мен екі ағасы жерленген.
И. Кәрімовтің қазасы туралы әлі күнге ресми ақпарат тарамады. «Ферғана» агенттігінің хабарлауынша, қаралы хабар ертең немесе сенбі күні таңертең жариялануы мүмкін.
БАҚ марқұмның мүрдесі салынған ұшақ бүгін Тәшкеннен Самарқанға ұшып кеткенін жазуда.
Оставить комментарий